Жетістікке қалғанда жарты қадам Мұз жатады алдыңда жалтыраған Төрт аяқтап жетсемде ей тағдырым Өзімнің сыбағамды тартып алам Суығыңда мен талай қалтырағам Жан болмады жаныма кеп хал сұраған Ешкімнің көмегінсіз үлесімді Ей тағдырым бəрібір тартып алам Ыстығыңда сүйегім балқымаған Таңсық емес өмір сүру салты маған Кез-келген қоршауыңды бұзып өтіп Несібемді қалайда тартып алам Нөсерлетіп келсін мейлі күзі маған Көтереді қиындықтың жүзін адам Өзіме тиесілі жемісімді Өз қолыммен тағдырым үзіп алам Шегінбеймін буғаннан соң белді бекем Демеймін тауды биік,жерді бөтен Құлатуға тырыссаңда берілместен Шыңыңда жалауымды желбіретем Озып шығам шаң жұқтырмай шабысыма Қамшылай түс,тағдырым,тағы сына Сен қиындық берген сайын,жігерленіп Қарсы жүзем қайтадан ағысыңа Меніңде бар ойлаған бір есебім Ақылымның көшіне ілесемін Қанша жерден жығуға тырыссаңда Ақтық демім қалғанша күресемін Пендемін қадірлейтін қолда барын Айлаңды қарсы өзіңе қолданамын Шексіз қиыр,бұралаң жолдарыңнан Жетістікке жететін жол табамын... Кедергі емес өзенің сарқыраған Жеңісіме қалғанда жарты қадам Ақылым мен санамды біріктіріп Сыбағамды қалайда тартып алам!

Теги других блогов: поэзия жизнь Казахстан